Атырау, 19 мамыр 08:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​​Футболдағы тартыс: «Ақсу» – «Атырау», 4:1

738 просмотра
Сурет: «Ақсу» ФК

19 тамызда Павлодарда футболдан ел чемпионатының 20-шы туры аясында жергілікті «Ақсу» өз алаңында «Атырауды» қабылдады. Матч 1:4 есебімен аяқталып, атыраулықтар жеңіліп қалды.

"Ақсуға" шілде айында Кабо-Верде тумасы голландиялық футболшы Лима МАЙЛСОННЫҢ келуі ұтымды шешім болды. Ол «Атыраумен» ойнамас бұрын  «Ақсу» құрамында бір матч өткізіп, бір гол соқты. Айтпақшы, «KazSport» телеарнасының хабарлауынша, «Атырау» дәл осы кезеңде  өз құрамына өзінің шеберлігін әлі көрсете қоймаған Геворг НАДЖАРЯНДЫ қабылдады.  Бірақ, менің ойымша, «мұнайшылар» қарсыласын дұрыс бағаламады.

16-минутта Майлсон айып алаңынан "Атырауға" дәл соққы жасады - 1:0.

39-минутта атыраулық жартылай қорғаушы Евгений КОЗЛОВ алыстан «тоғыздыққа» керемет соққы жасап, есепті теңестірді.

56-минутта Майлсон пасты қабылдап, басымен шебер гол соқты - 2:1.

69-минутта айып алаңындағы жақсы комбинациядан кейін "Ақсудың" қорғаушысы Брайан Силва ГАРСИЯ есепті 3:1-ге жеткізді.

Павлодарлықтар бұл қызу жекпе-жекті 76-минутта шаршап қалған ХАТКЕВИЧТІ жай ғана айналып өткен Андрей СОЛОВЕЙДІҢ голымен аяқтады. 

Матч нәтижесінде есеп 4:1 болды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

21 тамыз 2023, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.