Атырау, 26 қыркүйек 03:30
 ашықВ Атырау +23
$ 473.98
€ 504.03
₽ 4.93

Әбденовке жұмыртқалар лақтырған ер адам ұсталды, оған 10 тәулікке дейін қамауға алу шарасы қолданылмақ

2 350 просмотра

АСТАНА, 26  сәу –Қазақстан жаңалықтары АА. Алматыда кездесуде Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  Серік Әбденовке  жұмыртқалар лақтырған   азаматтық белсенді Андрей Цуканов қазір Бостандық АІІБ-те,  оған 10 тәулікке дейін қамауға алу шарасы қолданылмақ деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА-ға қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

"Ол (Цуканов) қазір сонда, материалдар жиналып жатыр, бұл әкімшілік іс болады,  330 бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық – кішігірім  бұзақылық болып есептеледі, бұл 1 тармақ немесе 2 тармақ болады, егер екіншісі болса, 10 тәулікке дейін қамауға алынады",-деді агенттікке хабарлаушы.

ІІД қызметкерінің айтуынша, бүгін ұсталған айыпты Бостандық сотына апарылады, онда шешім қабылданады.

Әбденов  Алматыға Қазақстанда зейнетақы  жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын  түсіндіру үшін келген болатын.

Дереккөз: newskaz.kz

 

26 сәуір 2013, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.