Атырау, 27 желтоқсан 04:06
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Алты науқас – бұл көп

1 970 просмотра

Атырау облысында жыл басынан бері бруцеллезбен ауыратын 6 адам анықталды. Соңғы екі жағдай сәуірде Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылында тіркелді.

Ветеренария қызметінің жыл сайынғы малды тексеруі барысында ауру жануарлар анықталды. Ережелерге сәйкес, ауру малдың иелері де тексерілді. Отбасының екі мүшесі - әкесі мен баласы да сарып ауруымен ауыратын болып шықты. Олар өздерін осы ауруға тән сипаттардай дімкәс сезінген (буын және бұлшық ет аурулары, қызудың көтерілуі мен қалтырау), алайда суық тиген шығар деп ойлаған. Олар қазір емделіп жатыр.

Қазақстандық БАҚ беттерінде пайда болған біздің өңірде бруцеллездің жаппай тұтануы туралы ақпараттарға келсек, облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерболат УАИСОВТЫҢ пайымдауынша, бұл шындыққа жанаспайды және бұл әріптесінің қазақша берген сұхбатын орысша дұрыс аудармаудан пайда болған екен.

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, қайнатылған етті жеуден брюцеллез жұқтыру мүмкін емес; үлкен қауіп сүт және сүт өнімдерін қолданғанда, сондай-ақ жануарлармен жанасқаннан болады: мал иелеріне кей уақытта ауру малдарда жиі болатын іш тастау кезінде арттарынан түсіктерін жинауға тура келеді.

Барлық ауру мал жойылды және мамандар Қызылқоға ауданына эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу үшін іссапарға жіберілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 сәуір 2013, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.