Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов болған оқиғадан кейінгі сәті.Қарағандылық азаматтық белсенді Андрей Цуканов бүгін Алматыға жиын өткізуге келген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовке шикі жұмыртқа лақтырды. Бұл туралы жиынға қатысып жатқан Азаттық тілшісі хабарлады. Бұдан соң Цукановты полиция ұстап әкетті.
Әбденов бүгін Алматыда сағат 11-де Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында оқытушылар, студенттер, дәрігерлер және басқа да қоғамдық сала қызметкерлерімен кездеседі. Кездесу алдында ол журналистермен жиын өткізбекші болған.
- Журналистермен жиын басталғанда қарағандылық белсенді Андрей Цуканов Әбденовке "Сізге Қарағандыдан сәлем" деп бірнеше шикі жұмыртқа лақтырды. Министр қайтып келетінін айтып, былғанып қалған киімін ауыстыруға шығып кетті, - деді Азаттық тілшісі.
Серік Әбденов бүгін Алматы қаласы және облыс тұрғындарымен, бюджет қызметкерлерімен кездесіп, зейнетақы жүйесі туралы заң жобасын түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Дереккөз: azattyq.org
26 сәуір 2013, 11:07