Атырау, 29 наурыз 18:37
 ашықВ Атырау +13
$ 455.00
€ 492.13
₽ 5.94

Көкшетауда шенеуніктер «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасын «өтірік орындаған»

1 771 просмотра

КӨКШЕТАУ, 25  сәу –Қазақстан жаңалықтары АА.  Көкшетауда лауазымды тұлғалар «Жұмыспен  қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қосып жазумен айналысқан, деп хабарлайды бейсенбіде облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, «Көкшетаудың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«2011 жылғы шілде-желтоқсан аралығында мемлекеттік мекеме лауазымды тұлғалары қызметтерін пайдаланып, Шоқаев ЖК есеп- шотына  ресми түрде жұмысқа орналасқан азаматтардың еңбекақысын аударған. Сөйтіп, "Жұмыспен  қамту-2020"  мемлекеттік бағдарламасын өтірік орындаған», -делінген хабарламада. 

Қаржы полициясы  қылмыстық кодектің 307 бабы  2 тармағы  «Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану» бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізілуде.

Дереккөз: newskaz.kz

26 сәуір 2013, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.