Мәскеуге жақын Раменский селосындағы №14 психатриялық ауруханада өрт шығып, 38 қаза тапты, хабарлайды РБК Ресей денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Дмитровский ауданындағы ауруханада өрт шықты деген хабар құтқарушыларға жергілікті сағат 2.23-те келіп түскен.
Өрт сөндірушілер келіп жеткенде бір қабатты кірпіштен салынған аурухана мен оған жанаса салынған шағын корпусы өртеніп жатқанын көреді. Полицияның мәліметі бойынша өрт жанаса салынған ғимарттан басталған.
Қазіргі уақытта өрт сөндірілді. Өрт шарпыған аумақ 420 шаршы метрге жеткен. Төтенше жағдай қызметі 12 адамның денесін анықтады.
Оқиға орнына Мәскеу облысы губернаторының міндетін атқарушы Андрей Воробьев барып келіп қайтты.
Өрт сөндіруге оқиға орнында 110 құтқарушы, 45 полицей, 30 техника жұмылдырылған.
Дереккөз: bnews.kz