Атырау, 13 қараша 09:31
 ашықВ Атырау +2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Радикалды исламистердің пайда болуына батыстық режимдер жауапты - Джордж Галлоуэй

1 496 просмотра
Каддафиді тағынан одан да бетер зұлым тайдырды. Бұл туралы бүгін Астанадағы Еуразия медиа форумында Ұлыбритания Парламентінің мүшесі Джордж Галлоуэй мәлім етті.

Оның пайымдауынша, Сирияда және бұның алдында Ливияда болған жағдайдың траекториясы АҚШ-пен келісілген.

«Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафи әлемдегі жаман басқарушылардың бірі болған шығар, бірақ та Каддафиді тағынан одан да бетер зұлым тайдырды. Сонымен қатар Башар Асадты Сириядағы басшылығынан құлататын болса, бұндай әрекетті одан да жаман адамдар істейді. Атап айтқанда бұндайды ұйымдастырғандарды құбыжық деуге болады»,-деді Д. Галлоуэй.

Оның сөзіне қарағанда, радикалды исламистердің пайда болуына батыстық режимдер жауапты. Осыған байланысты экстремизм деген ұғымдар пайда болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

25 сәуір 2013, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.