Атырау, 24 сәуір 12:09
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Табиғат – сенің үйің

13 252 просмотра

«Жерұйық» мәдениет орталығы Атырау облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірігіп, өскелең ұрпақтың назарын табиғат қорғау проблемасына аудармақ мақсатпен бірнеше конкурстар ұйымдастырды.

20 сәуір мен 20 мамыр аралығында олар мектеп оқушыларының арасында «Табиғат – сенің үйің» атты суреттер бәйгесін және бүгінгі күні өзекті «ЭкоАрт» стилінде (қажетсіз өнімдерден – пакеттерден, қағаздан, пластик ыдыстардан және т.б. заттардан көркем нәрселер жасау) жұмыстар көрмесін өткізеді. Тағы бір бәйгеге – табиғат қорғау туралы үздік бейнеролик конкурсы бойынша жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған.

25 мамырға дейін арнайы комиссия жеңімпаздарды таңдайды, ал қорытындыларын 5 маусымда – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінде жарияламақ. Анықтама телефондары: 35-70-17.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 сәуір 2013, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.