22 сәуірде облыста «Жасөспірім» операциясы іске қосылды.
ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, алғашқы күні-ақ полицейлер қаладағы ішімдік ішетін орындардың бірінің әкімшісін ұстаған. Ол сағат кешкі 22.00-ден кейін жасөспірімдерді кіргізген. Оны да, жасөспірімдердің ата-аналарын да айыппұл күтіп тұр. Авангардта түн ортасына қарай полицейлер ересектерсіз жүрген колледждердің бірінде оқитын 16 жастағы оқушылар тобын ұстады.
Операция 25 сәуірге дейін жалғасады.
Анастасия ПАСТУХОВА