Атырау, 31 наурыз 18:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 448.05
€ 486.58
₽ 5.82

Шыңжанда атыс кезінде 21 адам қазаға ұшырады

2 221 просмотра
Фото: Reuters Фото: Reuters БЕЙЖІҢ. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні, 23 сәуірде, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесінде, Қытайдың солтүстік-батысында атыс кезінде 21 адам қазаға ұшырады, деп хабарлады жергілікті БАҚ.
 
Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, мерт болған 15 адам - полицейлер немесе әлеуметтік қызметкерлер. Мемлекеттік БАҚ болған оқиғаны қаскүнемдік лаңкестік акті деп атады.   Оқиға Қашғар округінде полицейлер заңсыз қару сақтауға күдіктенуге байланысты жергілікті тұрғындарды тінтуді бастаған кезде болған.


Әлеуметтік қызметкерлер жергілікті басылымдардың бірінде болған кезде қарулы күдікті адамдарды көрген.

Бұдан кейін олар полицияға хабарлаған, алайда қылмыскерлер үш әлеуметтік қызметкерді кепілге алып, содан кейін оларды өлтірген. Арнайы операция кезінде банданың 8 мүшесі ұсталды.

Дереккөз: inform.kz

25 сәуір 2013, 13:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.