Атырау, 11 желтоқсан 20:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Қытай генералдары мансабынан айырылып, қатардағы сарбазға айналмақ

2 497 просмотра

Си Цзиньпин Фото: Reuters / Goh Chai Hin / PoolСи Цзиньпин Фото: Reuters / Goh Chai Hin / Pool

Қытайдың мемлекет басшысы әрі бас қолбасшысы Си Цзиньпин қытай армиясының жоғары әскери  басшылары уақытша қатардағы жауынгер деңгейіне дейін төмендетілетіні жөнінде жарлық шығарды, деп жазады lenta.ru қытайдың таңертеңгілік газетінің сайтына сілтеме жасай отырып.

Олардың сарбаз ретіндегі қызметі 15 күн ғана болмақ. Екі апта ішінде  лауазымды әскери қызметкер қатардағы сарбаздармен бірге казармада тұрып, солар секілді қызмет істеуі тиіс. Тіпті мансабы түскен әскери осы уақытта тұрағы мен тамағының шығынын өз қалтасынан төлеуі керек екен. Басшылардың төмен дәрежелі сарбаз ретінде қызмет атқаратын бөлімнің қызметіне араласуына тыйым салынған.

Мансабына қарай әскерилер 3-4 не 5 жыл аралықта бір рет осылай сынақтан өтеді. Басылым «Си Цзиньпин осындай шараға әскердің тәртібін жақсартып, қуатын арттыру үшін барып отыр», деп жазады.

Қытайдағы әскери  сарапшылар осындай жолмен әскердегі жемқорлықты, тәртіпті түзетіп, мансаптылар мен қатардағы әскерилер  арасындағы қарым-қатынасты жақсартпақ, деп отыр. Өйткені, көптеген әскери басшылар тамыр-таныс арқылы жоғары лауазымға ие болғандықтан, қатардағы қызметкерлердің өмірі туралы хабарсыз екен.

Бір қызығы 1958 жылы  Мао Цзедун да осындай жарлық шығарған екен. Ол әскери  басшылар бір ай бойы жаяу әскер сапында жүруі тиіс деп бұйырған. Осылайша Цзедун көптеген «ақсаусақ» әскери  басшыларды армиядан кетіріп, әскерилерді өз бақылауына алған.

Дереккөз: bnews.kz

25 сәуір 2013, 13:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.