Атырау, 26 желтоқсан 16:09
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қазақстан тәуелсіздігіне шек қоятын кез келген одақтан шығады - Назарбаев

2 016 просмотра

АСТАНА, 25  сәу –Қазақстан жаңалықтары АА.  Қазақстан елдің тәуелсіздігіне шек қоятын кез келген одақтан шығады, деп мәлімдеді республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

"Бізге басқа елдерге барғанымызда  бұл қандай одақ (Еуразиялық) деген сауал қояды. Ресей қайтадан империя жинап, жаңа Кеңес одағын құрады деген сөздер айтылып жатыр, бұл нағыз жалған сөз.Қазақстан өз тарихында алғаш рет тәуелсіздік алғанын анық айтқым келеді,  біздің халқымыз алғаш рет бостандық, тәуелсіздік  дәмін татты және біз тәуелсіздігімізді ешкімге бермейміз, егер  қандай да бір бірлестіктер ел тәуелсіздігіне, біздің ата заңымызға  шек  қоятын болса, біз ойланбастан бұл ұйымды тастап, одан шығып кетеміз, басқалар да солай ойлайды, әңгіме тек экономикалық интеграция туралы болып отыр",- деді  Назарбаев еуразиялық медиафорумда сөйлеген сөзінде.

Дереккөз: newskaz.kz

25 сәуір 2013, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.