Атырау, 26 желтоқсан 20:53
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қазына қаржысына қол сұққан тағы бір генерал қамауға алынды

2 801 просмотра

Қорғаныс министрлігінде кезекті тұтқындау! Бүгін Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының орынбасары Асқар Бөлдешовтың қолына кісен салынды.

Генерал майорға Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі әскери техниканы жөндеуге бөлінген қаржыны талан таражға салды деген айып тағылып отыр. Себебі Бөлдешов авиациялық парктің жаңғыртылуы мен қару-жарақ сатып алу ісіне жауап берген. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Қорғаныс министрлігінің Қару жарақпен қамту басқармасының бастығы Алмас Әсеновті де 200 мың доллар пара алып жатқан жерінде ұстаған еді. Генералға ақша ұсынған «Укрспецэкспорт» компанияның екі өкілі қазір Елорданың тергеу изоляторында отыр. Бұл келісім-шартқа Шекара қызметінің директорымен арадағы әңгімеден соң атылып өлген генерал-майор Талғат Есетовтың қатысы болуы да мүмкін. Тексеру Шымкент түбінде 27 шекара шебінің қолбасшылары мінген Ан72-нің апатқа ұшырауынан соң қолға алынған болатын.

Дереккөз: ktk.kz

25 сәуір 2013, 00:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.