Атырау, 25 қараша 16:41
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бастамада көмектеседі

2 459 просмотра

Бизнес-жоспарды қалай дұрыс жасаған жөн? Бастапқы капиталды қайдан алуға болады? Болашақ кәсіпкерлер Атырау облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері одағы мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырып отырған жастар бизнесіне қолдау көрсету жобасы барысында осы және басқа да көптеген сұрақтарына жауап ала алады.

-Мамырдың ортасында біз жастар арасында «Start Up» бизнес ашу бойынша бастапқы жобалар конкурсын ұйымдастырамыз. Жеңімпаздар өздерінің бизнес-идеялары үшін 300 мың, 200 мың және 100 мың теңге шамасында қолдау алады, - дейді Одақтың директоры Нина ТЕМІРБАЕВА. – Конкурсқа қатысу туралы өтінімдер 11 мамырға дейін қабылданады. Қатысушылар бастапқыда үлкен қаржылық салымдарды қажет етпейтін қызықты идеялар ұсынса екен дейміз.

Сонымен қатар, жобада өз бизнесін бастағысы келетіндерге тегін тренингтер қарастырылған. Тренингтен өткендер сертификатқа және кәсіпкерлік қызметінің алғашқы жылдарында кездесетін мәселелері бойынша мамандардың қолдауына ие болады. Ал сейсенбі мен бейсенбі күндері Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы жастар үшін «Ашық есік күнін» өткізеді, онда белгілі кәсіпкерлер мен заңгерлердің кеңестерін алуға болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

25 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.