Бұл күндері «01» қызметі тек өрт туралы хабарларды ғана емес, құттықтауларды да қабылдап жатыр. Өйткені, еліміздің өртке қарсы қызметіне 95 жыл болыпты. Атыраулық өрт сөндірушілер бұл күнді салтанатты түрде атап өтті.
Өмірде таза ерлерге ғана арналған кәсіптер бар. Солардың бірі - өрт сөндіруші. Осы кәсіп өкілдерінің қасында болсаң, қашанда өзіңді сенімді ұстап, ішкі дүниең жай тапқандай сезімде боласың. 1-АӨБ қызметі бастығының орынбасары Салауат ӘЖІҒАЛИЕВПЕН (суретте) әңгімелесу жайлы ғана емес, қызықты да екен. Ол мереке қарсаңында өзінің өрт сөндіру машиналары коллекциясына тағы бір бағалы нұсқа қосыпты.
- Мен өз жұмысымды сүйемін, - деді ол өрт сөндіру машинасын әйнек шкафтан ұқыпты шығарып тұрып. – Мұны өзім боядым...
- Менің тәжірибем ішінен ең есте қалғаны – Атырау станциясында үш жанып жатқан автоцистерналарды өшіру,- деп есіне алды Салауат.– Қазіргідей, бәрі есімде. 2007 жыл, сенбі, 6 қаңтар. Көзге түрткісіз көк тұман. Үш автоцистерна лаулап жатыр – олардың ішіндегі жанғыш заттар кез келген сәтте жарылуы мүмкін. Қорқынышты, әрине. Уақыт минуттармен өлшеніп жатты, қасына жақындап бару талқыланған да жоқ - өшіру керек. Біз жанып жатқан резервуардың аузына дейін су жеткізетіндей жақындадық... Бақытымызға қарай, сол сәтте шығынсыз кеттік. Мен бұл өртті ешқашан ұмытпайтын болармын.
- Кез келген шақыру – бұл белгісіздік, - дейді өрт сөндірушілер. – Кез келген сәтте газ баллон жарылып, төбе опырылып түсіп, қабырға құлауы мүмкін. Сондықтан біз тек қана өрт сөндіруші емеспіз, біз биікке өрмелеуші, аздап электрик, химик, тіпті алып та боламыз... Сондай-ақ, қорқақ адамға арамызда орын жоқ.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ