Атырау, 19 сәуір 02:07
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Аудан жаңалықтары

2 914 просмотра

Таңдайға таза су келді

Махамбет ауданы Таңдай селосының халқы су құбыры күрделі жөндеуден өткізілгесін үйлеріне дейін автоцистерналармен тасымалданатын таза суға қол жеткізді. Бұған дейін олар Боқсақ каналының лас суын ішіп келген болатын.

Махамбет ауданындағы құрылыс бөлімінің бастығы Наурызбай ИМАНҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, Таңдай селосы тұрғындарына таза су құбырын тартып беруге 295 млн теңге қаралған. Ал өткен жылы облыстық бюджеттен бөлінген 100 млн теңге  игерілген. Мердігерлер әр үйдің ауласына дейін жететін құбыр тарту жұмысын биыл тағы жалғастырамыз деп отыр. 

***

 

Егіншілерге арналған несие

Индер ауданының егіншілеріне Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан (ӘКК) 24 млн теңге несие қаржы бөлінді.

Индер ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Сатыбалды ОРАЗҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, бұрын егіншілік саласы қаржы мәселесінде қиындықтар болғандықтан айтарлықтай деңгейде алға баспай келген болатын.

- Бастапқы кезеңінде ӘКК алынған қаржының 30 пайызын ұстап қалады. Күзде өнім жиналғаннан кейін сол соманы егіншінің есепшотына аударады. Бұл қадам бір жағынан бау, бақша өнімдері бағасының өсуіне жол бермейді, - дейді                         С. Оразғалиев.

Бүгінде несие қаржы алуға ауданнан бес адам ынта білдіріп отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.