Атырау, 11 қазан 08:20
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

«Ақ Жайық» резерватындағы өрт

3 564 просмотра

«Ақ жайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағының күзет аймағы екі күннен бері өртеніп жатыр.

Кеше резерваттың шекарасы – Қызылжар селосының маңы өртке оранды. Өртті жоюға екі техника бірлігі жіберілген, алайда олар жолда тұрып қалды. Оларды батпақтан шығарғанша, өртті қарапайым УАЗ көлігі базасында жасалған 500 литр сыйымдылығы бар өрт сөндіру машинасымен сөндірді.

ТЖД-ның «Өрт сөндіру және апатты-құтқару қызметі» ММ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі сәтте өрт ошағы ауыздықталған.

«Ақ Жайық» РМК ғылым және мониторинг бөлімінің басшысы Александр ИВАСЕНКОНЫҢ айтуынша, өрт 25 гектар қамыс алқабын құртқан.

- Жағдайдың қиындауына екпіндете соққан жел де үлкен әсер етті, ол аумақтағы өрттің тез тарап, жаңа ошақтардың пайда болуына мүмкіндік жасады, - дейді ол.   

Бір жақсысы, бұл аумақта құстар ұя салмайды екен, мұнда су да, жем де жоқ. Қазір резерваттың мамандары өз күштерімен соңғы өрт ошақтарын сөндіруде. Түтін иісі Атырауға да жетті.

Анастасия ПАСТУХОВА

24 сәуір 2013, 18:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.