Атырау, 7 қазан 09:27
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қазақ тілі Қазақстан халқын «біріктірді»

2 615 просмотра

Қазақ тілі Қазақстан халқын «біріктірген» факторға айналды деп есептейді Қазақстан президенті  Нұрсұлтан Назарбаев.
«Біз ең аз этникалық топтардың мәдениетін күтіп сақтаймыз және дамыту үшін барлық мүмкіндікті жасап отырмыз, қазақ жері  100-ден астам  этностарды біріктірді,  әрине барлық этникалық түзілімдер бірыңғай ұлт болуы үшін жақсы цемент керек… Бүгінгі таңда ұлтты біріктіретін басты фактор мемлекет тілі– қазақ тілі болып табылады», - деді  Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының  отырысында.

«Біз басқа елдер мен мемлекеттердің үлгісінде жиі мысал келтіреміз, кімде -кім АҚШ-қа келсе, қытайлықтар, азиаттықтар, арабтар –бәрі американдық болады, олар бәрі ағылшынша сөйлеулері тиіс, тіл оларды біріктіреді, сондай-ақ Францияда, Германияда да сондай жағдай орнаған.  Бізде басқаша,  тарихи тұрғыдан өзгеше жағдай қалыптасқан, сондықтан бізге теңелу қиын, бірақ бізді, біздің балаларымызды және немерелерімізді  бір тілмен біріктіруге ұмтылу керек», - деп қосты ол.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА. 

24 сәуір 2013, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.