Атырау, 2 сәуір 10:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 451.71
€ 491.64
₽ 5.86

Экологиялық бағыттағы қайта жарақтау

1 600 просмотра

19 сәуірде АМӨЗ-де жарты жыл уақытқа мұнай коксын қыздыру қондырғысы қайта жарақтауға жабылды. Бұл туралы зауыттың бас инженері Денис КОЗЫРЕВ хабарлады.

Бұл цех бензин емес, болат құю өнеркәсібінде қолданылатын кокс өндіреді. Бүгінде АМӨЗ өндіретін бүкіл коксты «Русский алюминий» компаниясы сатып алады.

Баяу кокстау және мұнай коксын қыздыру қондырғылары кәсіпорындағы экологиялық тұрғыдағы ең нашар қондырғылар болған еді. Кокс 300 атмосфералық қысымда будың көмегімен реакторлардан шайылып, атмосфераға түсетін. 2011 жылы баяу кокстау қондырғысына қайта жарақтау жүргізілді. Оның қуаты жылына 720 мыңнан 1 миллион тоннаға дейін артты, ал бастысы – буландыру процесі герметикалы (ауа кірмейтіндей) болды.

Мұнай коксын қыздыру қондырғысын қайта жарақтау жұмыстарының мақсаты – тек қуаттылықты арттыру ғана емес, экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізу. Д. Козыревтің айтуынша, кокс тозаңын ұстайтын қондырғылар салынып, өртелген газ шығарындылары азаятын болады және т.б. Қайта жарақтау жүріп жатқан кезде, «Русский алюминий» компаниясына сұйық кокс жеткізілетін болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.