17 сәуір – 17 мамыр аралығында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты «Бақтар маршы-2013» акциясын өткізеді.
Бұл акция жыл сайын Қазақстанда БҰҰ бағдарламасы мен Жаһандық Экологиялық қор жобасының шеңберінде өткізіліп тұрады. Қазақстан «Бақтар маршы» қозғалысына 1996 жылдан бастап қатысады. Ал біздің облысымызда акция «Ақжайық» резерваты құрылғаннан кейін жүргізіле бастады.
– Бүгінде қорғалатын табиғи аумақтар – бұл адамзатты биологиялық түр ретінде құтқаратын соңғы нақты мүмкіндік. Қорықтар биотүрліліктерді сақтауда негізгі рөл атқарады, - дейді «Ақжайық» МТР-ның ғылым және мониторинг бөлімінің бастығы Александр ИВАСЕНКО.
Әр көктем сайын резерват қызметкерлері ағаштар отырғызу сенбіліктерін өткізіп тұрады. 2011 жылы олар өз аумақтарында 300 ағаш отырғызып, олар жерсініп, жақсы бой алып кеткен. 2012 жылы 500-дей ағаш отырғызылған. Бірақ резерват аумағымен шектелмей, Дамбы, Құрманғазы, Еркінқала және басқа поселкелердегі мектеп учаскелерін қамтыған. Биыл инспекторлар бекетін көгалдандыру жоспарда бар.
Зульфия ИСКАЛИЕВА