Облыс бюджетіне жоспардан тыс салықтардың түсуіне байланысты кейбір шығын баптары бойынша бөлінетін қаржылар көбейетін болады. Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Жәрдемғали АХМЕТОВ хабарлады.
Мақат пен Доссор поселкелерінің кәріздік жүйелерін күрделі жөндеуге 60,6 млн теңге; Мақат және Доссор поселкелеріндегі электрлендіру мен газдендіру жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) ресімдеуге – 14,8 млн теңге; Доссор поселкесіндегі көтеру-сорғы стансасын салуға – 43,16 млн теңге; ПМС ауылын газдендіру жөніндегі ЖСҚ-на – 6 млн теңге; Индербор поселкесінің «Восток» және «Болашақ» ықшамаудандарын электрлендіруге және су құбырын салуға арналған ЖСҚ-ға – тиісінше 19,2 және 6 млн теңге; «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша жастарды жұмысқа орналастыруға – 20 млн теңге; Атырау қаласында суармалы су құбырын салуға және электрлендіру жөніндегі ЖСҚ-ға – 15,2 млн теңге; Индер ауданының Есбол селосында 70 орындық интернат салу үшін ЖСҚ-ға - 3 млн теңге; Құрманғазы ауданының Дәшін селосында 400 орындық Мәдениет үйін салу үшін ЖСҚ-ға - 12 млн теңге; Құрманғазы ауданының Ақкөл селосында 280 орындық балабақша салу үшін ЖСҚ-ға - 7,75 млн теңге; ММС селосынан дәрігерлік қосын салу үшін ЖСҚ-ға – 2,6 млн теңге; 6 балабақша салу үшін ЖСҚ-ға (ТШО салмақ) - 28,72 млн теңге; Исатай ауданының Қызылүй селосынан мектеп салу үшін ЖСҚ-ға – 5 млн теңге; Қызылқоға ауданының Мұқыр селосынан 400 орындық Мәдениет үйін салу үшін ЖСҚ-ға - 12 млн теңге; Қызылқоға ауданының Миялы селосынан суару су құбырын салу және электрлендіру бойынша ЖСҚ-ға - 23,2 млн теңге; Құрманғазы ауданында ұзындығы 1 км болатын қорғаныс бөгеттерін салуға - 13,25 млн теңге; Атырау қаласында 60 пәтерлік екі үй салу бойынша ЖСҚ-ға - 12 млн теңге; Махамбет поселкесінде балабақшаға және өртпен күрес қызметінің бөлімшесіне апаратын жолды салуға және Құлсары қаласына, Ақкиізтоғай мен Қосшағыл ауылдарына кіре беріс жолдар салуға арналған ЖСҚ-ға - 65,4 млн теңге; Тұщықұдықтағы поселкеішілік жолдарды және Сағыз стансасындағы темір жол арқылы өтетін жаяу жол өтпесін салу жөніндегі ЖСҚ-ға - 10 млн теңге; облыстық туберкулезге қарсы күрес шипажайын күрделі жөндеуге - 26 млн теңге; Құрманғазы мен Қызылқоға аудандарындағы 7 емдеу мекемелерінің жылыту жүйелерін газге қосуға - 38,3 млн теңге; қалалық жедел жәрдем стансасы үшін автоматты және навигациялық жүйелері бар жабдықтарға - 18,7 млн теңге; Балқұдық және Сүйіндік селоларындағы Мәдениет үйлерін күрделі жөндеуге - 78,832 млн теңге; селолық әкімдер сайлауын өткізуге - 45,761 млн теңге; облыстық әкімдіктегі бейнеконференция байланысына - 8 млн теңге; жылқылар мен түйелерді сәйкестендіруге - 95,37 млн теңге; аз қамтылған отбасыларға материалдық көмекке - 20 млн теңге; БАҚ-тарға мемлекеттік тапсырысқа - 11,985 млн теңге (оның ішінде телеарнада сурдоаударма ұйымдастыруға - 7 млн теңге); облыстық қорғаныс департаментіне әскер қатарына шақыруды ұйымдастыруға - 9,833 млн теңге бөлінетін болады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ