Атырау, 23 қараша 16:00
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алматыда Әблязовпен байланысы бар лаңкестік әрекетін ұйымдастырушы Испанияда ұсталды

1 737 просмотра

Алматыда «Ая» қиял-ғажайыптар әлемі» ойын-сауық орталығында лаңкестік әрекетін ұйымдастырушы   Александр Павлов Испанияда ұсталды, деп хабарлады сәрсенбіде мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан бас прокурорының орынбасары Иоганн Меркель.

«Испанияда қазір БТАбанк басшысымен бірлесіп ірі қаражат жымқарған Павлов мырза ұсталды, сонымен қатар бұл адам Алматыда лаңкестік әрекетін ұйымдастырушы   болған»,- деді  Меркель
Оның айтуынша, қазір Павловты Қазақстанға экстрадациялау мәселесі шешілуде. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті 24 наурызда Алматы қаласы аумағында лаңкестік әрекетінің дайындық кезеңінде екенін анықтап, тиісті шаралар қабылдаған болатын. Оны ұйымдастыруға қуғынға ұшыраған  банкир Мұхтар Әблязовтың маңындағы адамдардың бірі күдіктелді. 

«Жоспарланған лаңкестік әрекеттерінің ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының азаматы 1975 жылғы Павлов Александр Владимирович болып табылады, 2009  жылдан бері ол қазақстандық құқық қорғау органдарынан  шетелде жасырынып жүрген», - деп хабарлады ҰҚК.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

24 сәуір 2013, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.