Атырау, 23 қараша 04:39
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейдің Белгород қаласында 6 адам өлтірген қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылады (ВИДЕО)

2 050 просмотра

video 0

Ресейдің Белгород қаласының орталығында 6 адамды атып өлтірген қылмыскер тұтқындалды. Бұл туралы РБК Ресей Ішкі істер министрлігі сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Қылмыскерді ұстау кезінде қатты қарсылық көрсетіп, бір полицияны жаралады», — деп хабарлаған министрліктен.

Жергілікті құқық қорғау органдарына Курск қаласынан көмекке келген жасақ С.Помазунды Белгород теміржол стансасында байқап қалған. Күдікті арыққа жасырынған. Оны ұстау кезінде қарсылық көрсетіп, бір полицейге екі жерден пышақ салған. Жарақат алған полицей қазір ауруханада.

Басылымдар алты адамның өмірін қиған қылмыскерге өмір бойы түрмеге қамалады деп жазады.

 

Естеріңізге сала кетсек, қайғылы оқиға 22 сәуірде орталықтағы дүкен жанында болған. Қылмыскер қару дүкенінде өзіне оқ сатпай қойған соң көзіне көрінгенде оқ жаудыра бастаған. Күдікті бұған дейін түрмеде отырған, 2012 жылы «психикалық кемістікке байланысты» бостандыққа шыққан.

Тергеу болжамы бойынша аңшы карабинін ол әкесінің сейфінен алып кеткен. Ол алдымен екі сатушыны, дүкенде тұрған бір кісіні атып тастап, сыртқа шығып тағы да көшедегі үш адамға жаудырған.

Дереккөз: bnews.kz

24 сәуір 2013, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.