Атырау, 23 қараша 16:10
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қарағанды облысында техниканың істен шығуынан әскери ұшақ апатқа ұшырады

2 590 просмотра

АСТАНА, 24  сәу –Қазақстан жаңалықтары АА. Қарағанды облысында техниканың істен шығуынан  МиГ-31 әскери ұшағы апатқа ұшырады деп хабарлайды     Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«2013 жылғы 23 сәуірде сағат 22.41-де түнгі жоспарлы ұшу оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау кезінде техниканың істен шығуына байланысты МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады. Экипаж парашютпен секіріп үлгерді, өкінішке орай экипаж командирі полковник Едігеев Марат Оразұлы (50185 әскери бөлімі) қайтыс болды, штурман майор Галимзянов Руслан Раифұлы госпиталда, оның өміріне қауіп жоқ»,-делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, МиГ-31 ұшағы 2012 жылғы желтоқсанда Ресей Федерациясының Ржев қаласындағы 514 Авиа жөндеу заводында кезекті күрделі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарынан өткізіліп, жөндеу жұмыстарынан кейін 42 сағат ұшу жаттығуларын орындады. Жоспарлы ұшу тапсырмаларын орындау кезінде 23 сәуір күні 4 рет ұшу тапсырмасы орындалған (күндіз 3, түнде 1).

«5-ші ұшуы кезінде апатқа ұшырады. Апат деректеріне байланысты Ржев қаласынан «514 АЖЗ» ААҚ заводының өкілдері шақырылды.Апат болған ауданда (Қарағанды қаласының оңтүстік-батысында 97 шақырым жерде) ҚР ҚМ комиссиясы жұмыс істеуде»,-деп атап көрсетілген хабарламада.

Дереккөз: newskaz.kz

 

24 сәуір 2013, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.