Ағайынды Царнаевтар.Бостон марафонының мәресінде лаңкестік актіні жасады деген күдікпен ұсталған Джохар Царнаев ФТБ-ға қылмысқа итермелеген басты идеологы оның ағасы Тамерлан екендігін айтты. Тамерлан полицейлермен орын алған атыста қаза болды. Джохардың айтуынша, ағайындылардың қандай да бір лаңкестік топтармен байланысы болмаған. Бұл туралы CNN-ға сілтеме жасай отырып YTPO.ru хабарлады.
Бостон ауруханасында алынған жауаптан Джохар мен Тамерланның радикалды джихадистер екендігі анықталды, деп хабаралды дерек көзі. Джохардың айтуынша, Тамерлан «исламды шабуылдардан қорғамақшы болды» (кімнен екендігі белгісіз). Дегенмен, бұл мәліметтердің барлығын тергеу органдары тексереді. Царнаев барлық сұрақтарға басын шұлғып, кейде жазбаша жауап берді. Еске сала кетсек, атыс барысында оның тамағы жарақаттанып, ол сөйлей алмай қалған. Дәрігерлердің айтуынша, оның даусының шығуы екіталай.
Дереккөз: bnews.kz