Атырау, 23 қараша 03:56
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейдің Белгород қаласында қаралы күн жарияланды

1 889 просмотра

ИТАР-ТАСС суреттеріФото: ИТАР-ТАСС.Ресейдің Белгород қаласының мэрі Сергей Боженовтың өкімімен 23 сәуір «Охота» дүкеніндегі қарақшылық шабуылының құрбандарына орай қаралы күн  жариялады. Белгородта барлық көңіл көтеретін шараларға тиым салынып, қалалық әкімшілік пен кеңес депутаттары қайтыс болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды РБК.

Естеріңізге сала кетсек, кеше 22 сәуірде Белгород орталығындағы «Охота» дүкеніне кірген белгісіз біреу дүкендегі кісілерге және көшедегілерге оқ жаудырып, сосын көлігіне отырып тайып тұрған. Оқиға орнында ауыр  жарақаттан 5 адам, оның біреуі 14-жасар қыз сол жерде ал екіншісі жансақтау бөлімінде көз жұмған еді. Құқық қорғау органдары бірнеше адам өмірін қиған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Бұл аса қатігездік, адамгершілікке - жат әрекет. Оны ақтап алу мүмкін емес. Қылмыскердің кім екені анықталды, қазір оны ұстау үшін шара қолданылуда. Полиция оны табуға бар күшін салуда», - деп мәлімдеді Белгород облысының губернаторы Евгений Савченко. Ол Белгород қаласы мен облысының тұрғындарына қырағы әрі сақ болуды, сондай-ақ полицияның барлық талаптарын орындауды шақырды. Қайтыс болған адамдардың туыстарына жергілікті билік материалдық көмек көрсетуге уәде беріп отыр.

Дереккөз: bnews.kz

23 сәуір 2013, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.