Фото: www.bnews.kzАСТАНА, 22 сәу –Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев EXPO-2017 өткізу дайындығы бойынша ұйымдастыру комитетін таратуды ұсынды.
«Менің ойымша, ұйымдастыру комитетін тарату қажет, бұл жұмыспен корпорация айналыссын. Сен бұнымен келісесің бе? Ұйымдастыру комитетінің орнына сен өзің жұмыс істей аласың ба ?», - деді мемлекет басшысы Астананы одан әрі дамыту мәселелеріне арналған кеңесте «Астана EXPO-2017» АҚ ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Талғат Ермегияевке қарата айтқан сөзінде.
«Премьер-министр басқаратын мемлекеттік комиссия негізгі орган болып тағайындалсын. Үкімет мүддесін қорғайтын бір тұлға тағайындалсын. Менің ойымша, бұл Қаппаров болады», - деп қосты Назарбаев.
Дереккөз: newskaz.kz