20 сәуірде футболдан Қазақстан чемпионатының 6-туры аясында «Мұнайшы» стадионында «Атырау» және «Шахтер» (Қарағанды) командалары кездесті.
Еліміздің қазіргі чемпионы алаңда тек 1-таймның алғашқы кезінде ғана басымдыққа ие болды. Содан кейін ойын тізгіні алаң иелерінің қолына толықтай көшті. 35-минутта Айбар Нұрбеков допты қақпашыдан асырып лақтырып жіберген – қонақтарды қақпа бағанасы құтқарып қалды. 90-минутта жоғарыдан берілген допты Георгий Пейкришвили қақпаға бағыттаған, сәл ғана қиыс кетті. Алайда алаң иелерінің аянбай жасаған шабуылдары өз нәтижесін берді: төреші белгілеген қосалқы уақытта, ойынның ең соңғы секундттарында «Атыраудың» кезекті шабуылдарының бірінде «Шахтердің» қақпашысы допты қолынан шығарып алып, атыраулық Роман Пахолюк оңтайлы сәтті голға айналдырды. Стадион дүр сілкінгендей болды. Тартысты матчтың қорытындысы – 1:0, «Атыраудың» пайдасында.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ