Атырау, 25 желтоқсан 02:23
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Царнаев жазбаша түрде жауап беруде

2 098 рет қаралды

Бостондық марафонда жарылыс жасады деген күдікті Джохар Царнаев есін жиды. 

Құқық қорғау органдарының ақпарат көздеріне сүйенсек, ол өзіне қойылған бірнеше сұраққа жазбаша түрде жауап берген. Сондай-ақ, Царнаевтан оның сыбайластары мен іске қосылмай қалған жарылғыш құрылғыларының бар-жоқтығы сұралған. Содан кейін, Массачусетс штатының полициясы кіші Царнаевтың екі сыбайласын қолға түсірді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұсталғандар көші-қон заңын да өрескел бұзған. Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуір Бостонда екі жарылыс болып, салдарынан үш адам қаза тапты, тағы 180-нен астамы жарақат алған еді. Америка билігі жарылысты ұйымдастырып, орындаған Царнаевтың бауырлары екеніне сенімді.

Дереккөз: 24.kz

22 сәуір 2013, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.