Атырау, 23 қараша 15:28
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ұлыбританияның ең бай 1000 азаматының қатарында екі қазақстандық та бар

1 904 просмотра

Фото: np.kzФото: np.kz

Жексенбі күні жарық көрген The Sunday Times Rich List 1000 рейтингінде, өткен жылдардағыдай, екі қазақстандық азаматтың есімі енген, олар: Владимир Ким мен Олег Новачук, деп жазады «Форбс» Қазақстан журналы.

Алайда бұл жолы отандастарымыздың дәулеті былтырғымен салыстырғанда біраз шығынға ұшыраған екен.

Kazakhmys PLC тау-кен корпорациясыдиректорлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким £530 млн байлығымен тізімнің 165-ші орнынан орналасыпты. Өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда ол бірден 133 сатыға төмен түсіп кеткен: 2012 жылы ол 32-орында болса, 2011 жылы – 11-орын, 2010 жылы 14-орында тұрған екен. Өткен жыл ішінде қазақстандық магнат, The Sunday Times басылымының нұсқауынша, £1,493 млрд жоғалтқан.

Kazakhmys PLC басқарушы директоры әрі компания акционерлерінің бірі Олег Новачуктің де байлығы біраз шайқалыпты. Биыл The Sunday Times Rich List тізімінде ол 418-орынға орныққан. 2012 жылы 251-орында болған екен. Оның байлығы, басылым мәліметіне сәйкес, £190 млн тең.

Мамандар Ким мен Новачуктің де, жалпы Kazakhmys PLC компаниялар тобының да табысының мұншалықты құлдырауын 2012 жылғы әлемдік мыс бағасының бірден 10 пайызға арзандауымен байланыстырып отыр. Сондай-ақ шикізат сатылымының көлемі азайып, есесіне өндіру, еңбек ақысы мен көлік тасымалдау жұмыстарына шығын көлемі артқан.

The Sunday Times Rich List 1000 рейтингінің алғашқы ондығы:

1. Алишер Усманов - £13,3 млрд,

2. Леонард Блаватник - £11 млрд,

3. Ағайынды Шри мен Гопи Хиндуджа - £10,6 млрд,

4. Лакшми Миттал мен оның отбасы - £10 млрд,

5. Роман Абрамович - £9,3 млрд,

6. Джон Фредриксен мен оның отбасы - £8,8 млрд,

7. Дэвид пен Саймон Ройбен - £8,281млрд,

8. Герцог Вестминстерский Джеральд Гровно - £7,8 млрд,

9. Эрнесто мен Кирсти Бертарелли - £7,4 млрд,

10. Шарлин мен Мищель де Карвальо - £7 млрд.

Дереккөз: http://bnews.kz

22 сәуір 2013, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.