Атырау, 23 қараша 15:26
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

1 шілдеден бастап елімізге ескі автокөліктер кіргізуге тыйым салынады

2 233 просмотра

Енді 2 айдан кейін елімізге ескі автокөліктерді кіргізуге тыйым салынады, деп хабарлайды Қазақстан телеарнасы.

«Үкіметтің 6 ақпанда қабылдаған Қаулысына сәйкес, 1 шілдеден бастап ел аумағына 2005 жылдан бұрын шығарылған машиналар енгізілмейді», деп хабарлайды телерна.

Өткен аптада ғана еліміздің автокөлік жасаушылары «ескі көліктерді қалай кәдеге жаратамыз», деп бас қатырған. Сала мамандары ақыры ол үшін арнайы бағдарлама қабылдауға уағдаласып тарқасты. Соңғы деректерге қарағанда, қазір Қазақстан жолдарында 4 миллионнан астам автокөлік жүйткіп жүр. Олардың орташа жасы - 19 жыл.

«Айта кету керек, ел Үкіметі қабылдаған Қаулы автокөліктердің қоршаған ортаға тастайтын қалдықтарын азайтуды көздейді. Атқарушы билік осындай қадам арқылы елге кіргізілетін көліктердің Еуро-4 стандартына сай болуын қамтамасыз етпек», деп түйіндейді қзақстан телеарнасы.

Дереккөз: bnews.kz

22 сәуір 2013, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.