Фото: РИА Новости.АСТАНА, 22 сәу –Қазақстан жаңалықтары АА. Қытайдағы жер сілкінісі кезінде 200-ден астам адам қаза тапса, 11,5 мыңы жапа шеккен деп хабарлайды Рейтер агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап.
Ақ халаттылар жарақаттанған 960 адамның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Айта кеткен жөн, Сычуань провинциясында 20 сәуір күні 6,6 балдық жер сілкінісі болған еді.
Жер дүмпуінен қатты зардап шеккен Баосин ауданында жолдар қатты бүлінген, бұл құтқару жұмыстарын қиындатып отыр.
ҚХР премьер-министрі Ли Кэцяннің өзі апат салдарын жою жұмыстарына басшылық жасауда.
Дереккөз: newskaz.kz