Атырау, 23 қараша 04:29
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытайдағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 600-ге жетті, 72 адам қаза тапты

3 030 просмотра

Яань, 2013 жылдың 20 сәуірі. Фото: Global Look PressЯань, 2013 жылдың 20 сәуірі. Фото: Global Look PressАСТАНА. 20 сәуір. қазАқпарат - Қытайда орын алған жер сілкінісінен 72 адам қаза тауып, 600 адам жараланды. Росбалттың хабарлауынша, бұдан бұрын 12 адам қаза тауып, 100-ге жуығы жараланған болатын.

Бұл апат жалпы саны 80 мың адамға кесірін тигізді. Қазіргі кезде 10 мыңнан астам баспана қирап, жолдар бұзылып, байланыс үзілгендігі белгілі болып отыр.

Апат аймағына елдің басқа өңірлерінен құтқарушылар мен дәрігерлер келуде. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин және Қытай Мемкеңесінің премьері Ли Кэцян адамдарды құтқару және апатттың зардабын жою жұмыстарын үздіксіз жалғастыра беруге тапсырма берді.

Оқиға орнынан келіп түскен ақпараттарға сәйкес, Сычуань провинциясындағы сейсмикалық белсенділіктің артуына байланысты, Чэнду қаласында халықаралық әуежай жабылып, пойыздар қозғалысы тежелген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жерасты дүмпулері бүгін сағат 8:02-де (Бейжің уақыты бойынша) Яань қаласында 13 шақырым тереңдікте тіркелген.

Дереккөз: inform.kz

20 сәуір 2013, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.