Атырау, 30 қыркүйек 16:30
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Назарбаев тағы бір мәртебесінен айырылуы мүмкін

627 просмотра

Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев қорына қатысты заңдар өзгереді, деп жазады nege.kz. 

Бүгін Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге кәсіби біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. 

"Мемлекет басшысының дербес білім беру ұйымдарының Жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілетін айқындау бойынша түзетулер көзделген", – делінген хабарламада. 

Заңның қазіргі редакциясында аталмыш білім беру мекемелері мен қордың Жоғарғы Қамқоршылық кеңесінің бірінші төрағасы – Нұрсұлтан Назарбаев. Егер өзгеріс қабылданса, қамқоршылық кеңесті президент немесе ол тағайындаған адам басқарады. 

29 маусым 2023, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.