Атырау, 30 қыркүйек 16:27
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Жоғарғы соттың судьялары сайланды

638 просмотра

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы соттың 5 судьясы сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Жоғарғы сот судьясы лауазымына Ерлан Жұмаханұлы Айтжанов, Ғабит Өмірханұлы Әлжанов, Гүлмира Ғазизқызы Исамберлиева, Ерлан Смадиярұлы Қосмұратов, Нұрлан Қаскенұлы Құрманғалиев сайланды.

«Мемлекет басшысы аталған азаматтарды Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынымды енгізді. Таныстырылған бұл адамдардың көп жылдық судьялық еңбек өтілі бар», - деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Осы орайда ол аталған судьялар өз саласының білікті мамандары екенін, аудандық әрі облыстық соттарда қызмет еткенін жеткізді.

Сенат депутаттары аталған кандиттарды қолдап, тиісті қаулы қабылданды.

Айта кетейік, жаңа қызметіне сайланғаннан кейін, судьялар Парламент Сенатының жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді.

29 маусым 2023, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.