Атырау, 30 қыркүйек 16:33
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Бүгін футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалы басталады

1 055 просмотра

Бүгін футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалының алғашқы ойындары өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыстың аталған сатысында 18.00-де «Астана» мен «Ордабасы», 21.00-де «Тобыл» мен «Атырау» командалары кездеседі.

Екі ойын да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетсек, бұған дейін «Астана» қызылордалық «Қайсар», түркістандық «Тұран» командаларын орта жолда қалдырса, «Ордабасы» Түркістан облысының «Мақтарал» мен Петропавлдың «Қызылжарын» жеңді.

Ал «Тобыл» Павлодар облысының «Ақсу», Қарағандының «Шахтер», «Атырау» «Ақтөбе», Алматының «Қайрат» командаларының осал тұсын тапты.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан ел біріншілігінде жазғы трансфер мерзімі басталды.

Жазғы трансфер уақыты 26 маусымда басталып, 24 шілдеде аяқталады. Осы аралықта командалар жаңа ойыншыларды тіркей алады.

28 маусым 2023, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.