Атырау, 30 қыркүйек 18:36
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда көліктегі адамдарға оқ атқан әскери қызметші сотталды

721 просмотра

Алматы гарнизоны әскери соты қаңтардағы оқиға бойынша сот үкімін шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы гарнизонының әскери сотында қару қолдану арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін сотқа берілген әскери қызметші Е.-ға қатысты қылмыстық іс

«Сот анықтағандай, 2022 жылғы 8 қаңтарда Талдықорған қаласында сотталушы Е. «АҚС-74» қаруын қолданумен «Тойота Королла» автокөлігіне бірнеше оқ атып, тоқтау талабына қарамастан қозғалысын жалғастырған. Соның салдарынан екі адамның денсаулығына ауыр зиян келтіріліп, олардың өліміне әкеп соққан», - делінген сот хабарламасында.

Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелер, яғни  жәбірленушілер мен куәгерлердің  айғақтарымен,  сот-баллистикалық, сот-медициналық сараптамалардың қорытындылары және заттай дәлелдемелермен дәлелденді.

Прокурор сотталушы Е-ге түпкілікті 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушы кінәсін  мойындамады.

Е.-нің жасаған әрекеттері ауыр қылмыстар санатына жатады және оны жасағаны үшін 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы қарастырылған.

Сотпен жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай анықталмаған, ал ауырлататын мән-жай ретінде төтенше жағдай кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны, өзі берген антын бұзғанын таныды.

«Е. жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сотталушыға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушінің пайдасына 7 млн теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді», - делінген сот шешімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

27 маусым 2023, 08:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.