Атырау, 23 қаңтар 16:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.71
€ 591.43
₽ 6.65

Атырауда жекеменшік балабақшада үш жасар қыздың саусағын жұлып кеткен

1 436 рет қаралды

Мұның қалай болғанын ата-анасы білмейді, ал балабақшадағылар оларға жарытып түсіндіріп бере алмаған.

Сәбиді ауруханаға тәрбиешінің өзі алып барған. Ата-анасын медицина мекемесіне барған соң шақыртқан.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің түсіндірмесі қысқа болды: «Сол қолдың 4-саусағының дистальды бунағының травматикалық жұлынуы. Ортопед-травматологтың консультациясы, саусақ/табан рентгенографиясы, жараны хирургиялық өңдеу, таңу, инфильтративті анестезия».

Ата-анасының полицияға арыз жазғаны белгілі болды.

- ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы («Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот сараптамасы тағайындалды, - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 маусым 2023, 20:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.