Атырау, 30 қыркүйек 18:31
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

675 просмотра

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары Е. Қарамырзаев (қазіргі таңда "Қаражанбасмұнай" АҚ бас директорының орынбасары) ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Е. Қарамырзаев "КЕЗБИ" ЖШС-нің және "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның басқа да мердігер ұйымдарының заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау мақсатында өзінің қызметтік өкілетін пайдаланған деп күдікке ілінген.

Қарамырзаев конкурстың жекелеген қатысушыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін және мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынғанын біле тұра, оларды тендерге қатыстырған. Олардың мүдделерін қолдауды жалғастыра отырып, ол "КЕЗБИ" ЖШС-ні компаниясы үшін ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша көрінеу қолайсыз шарт жасасуға мәжбүр етті", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, ол заңсыз әрекеттерімен "КЕЗБИ" ЖШС-нің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірген және мыңнан аса қызметкердің құқығын бұзып, сондай-ақ мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіс тудырған.

"ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі", - делінген хабарламада.

26 маусым 2023, 18:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.