Атырау, 30 қыркүйек 18:27
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Азамат Бекет Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды

714 просмотра

Бұған дейін Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі болған Азамат Бекет енді Ақтөбе қаласын басқарады. Ол қалалық мәслихаттың келісімімен тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен Азамат Бекет Ақтөбе әкімі лауазымына тағайындалды.

Ол Қазақ гуманитарлық-заң университетінің, Экономика және құқық академиясының түлегі. 2016 – 2018 жылдары Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.

2018 – 2020 жылдары Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болып еңбек еткен.

2020 – 2021 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2021 жылдың ақпан айынан Ақтөбе облысының Хромтау ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

Еске салсақ, Азамат Бекет бокспен шұғылданған. Ол 1997 – 1999 жылдар аралығында жасөспірімдер арасында ҚР чемпионы болды. Ал 1999 – 2001 жылдар арадығында жастар арасында ҚР чемпионы болды. Түрлі халықаралық турнирлерде Қазақстан құрамасында өнер көрсетті әрі қаржы полициясының капитаны шені бар.

26 маусым 2023, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.