Атырау, 23 желтоқсан 02:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

182 азаматқа "Болашақ" стипендиясы берілді

786 рет қаралды

Стипендиаттардың 62 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытта, қалған 38 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім алады, деп хабарлайды informburo.kz.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының шешімімен 182 қазақстандық азаматқа "Болашақ" стипендиясы берілді. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

"Бұл стипендиаттардың ішінде ішінде 149-ы магистратурада, жеті адам докторантурада білім алады. 26 азамат әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді", – делінген хабарламада.

Стипендиаттардың 62 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытта, қалған 38 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім алады.

Комиссия мүшелері ғалымдарға дүниежүзінің маңдайалды ғылыми орталықтарынан тағылымдамадан өтуге берілетін гранттарды да қарастырды. Комиссия шешімімен 328 қазақстандыққа грант берілді.

22 маусым 2023, 19:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.