Атырау, 30 қыркүйек 18:20
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

"Бақытты отбасы", "Шаңырақ": Бастапқы жарна болмай ма?

660 просмотра

Бастапқы жарна алынса, қарыз алушының ай сайынғы қаржы жүктемесе артады, деп хабарлайды informburo.kz.

Мәжіліс депутаттары премьер-министр Әлихан Смайыловқа "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" бағдарламаларынан бастапқы жарнаны алып тастау туралы сауал жолдаған. Әлихан Смайылов сауалға жауап берді. 

"Қарыз бойынша бастапқы жарна – кепілді қарыздар және соның салдарынан кредит қауіптері үшін қаржы қатерінен сақтандыру. Бастапқы жарнаны алып тастау немесе азайту қарыз алушының ай сайынғы қаржы жүктемесін арттырады", – деп жазды премьер-министр.

Үкімет басшысының жазуына қарағанда, халықтың әлеуметтік осал топтарын қаржылай қолдау үшін жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша бастапқы жарнаны төлеу бөлігінде жергілікті атқарушы органдар бюджеттік кредит нысанында әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік қолдау түрінде тұрғын үй сертификаттарын бөледі.

22 маусым 2023, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.