Атырау, 30 қыркүйек 18:33
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Елімізде теміржолмен жүк тасымалдау көлемі артып келеді

545 просмотра

2022 жылы «Қазақстан темір жолы» компаниясының теміржолмен жүк тасымалдау көлемі 14 пайызға артты. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының экономика және қаржы жөніндегі директоры Назира Нұрбаева мәлім етті, деп хабарлайдыҚазАқпарат.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының өткен жылғы жүк айналымына қатысты көрсеткіші 245 млн тонна шақырым болды. Бұл - 2021 жылғы көрсеткіштен 5 пайызға көп. Оның ішінде экспорт 10,3 пайызға артты. Транзиттік жүк көлемі 14 пайызға ұлғайды», - деді ол қорда өткен баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, Air Astana мен Qazaq Air әуе компанияларының жолаушылар тасымалдаудағы жиынтық көлемі - 7,9 млн жолаушы. Ол - 2021 жылғы көрсеткіштен 10 пайызға жоғары.

«Қазпошта» пандемиядан кейінгі қайтадан қалпына келу сатысында тұр. Қытай нарығы биыл ғана ашылды және пошта қызметтері көлемінің айтарлықтай, шамамен 9 пайызға төмендеуі байқалады. Халықаралық жөнелтілімдер, халықаралық сәлемдемелер тарифін арттыру жұмысы жүргізілгендігін атап өткен орынды. Нәтижесінде бұл бағыттағы кіріс 2021 жылдың қорытындысында 45 пайызға көбейді», - деді Назира Нұрбаева.

22 маусым 2023, 12:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.