Атырау, 30 қыркүйек 18:34
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Шымкент әкімдігі басқармасының басшысы ұсталды

642 просмотра

Шымкентте әкімдіктің басқарма басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақпаратты Шымкент сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-парақшасында растады.

"Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

22 маусым 2023, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.