Атырау, 30 қыркүйек 20:28
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Түркиядан Қазақстанға есірткі айналымына күдікті экстрадицияланды

593 просмотра

Түркиядан Қазақстанға есірткі құралдарының заңсыз айналымына күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның телеграм-арнасына сілтеме жасап.

"Түркия Республикасының Әділет министрлігі есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдікті деп танылған әйелді беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды.

Істі тергеу барысында күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін елге экстрадициялады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған. Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол мүлкі тәркілене отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

22 маусым 2023, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.