Атырау, 25 наурыз 08:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 457.29
€ 490.35
₽ 5.97

Қызғалдақтар гүлдеді

11 555 просмотра

Сәуірдің ортасында қызғалдақтар гүлдей бастады. Бұл - Голландияның емес, өзіміздің дала гүлдері. Олар ұялшақ бала сыңайлы көзден таса, адам аяғы баспайтын жерде өседі.

Өкінішке орай, Атырау облысында қызғалдақтар жылдан жылға азаюда. Мұндай алаптар аз қалған. Оған куә боп үлгеріп қалған жанның көз алдындағы алқызыл гүлді даланың көріністері ешқашан жадынан сызылып кете алмайды. Біз көрген осы гүлдер өскен жерге мұнай-химия кешенінің 2-кезеңі салынбақ. Демек, олар бұл маңнан біржола жойылады деген сөз.

Ал әзірге олар бұрынғыдай даланың сәнін келтіріп, нәзік хош иісі мен алқызыл-күрең реңімен жабырқау тартқан көңілге көктем сыйлап тұр.

Оян, дала, қызғалдақтар гүлдеп тұр!

Зинат ОРЫНБАСАРОВА

Суретті түсірген автор

18 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.