Атырау, 30 қыркүйек 20:26
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды

825 просмотра

Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына үкім шығарды, деп хабарлайды sputnik.kz.

Сот шешімі бойынша Мұхамедиұлы 8 жылғ,а бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Оған "Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі" халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ "Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру" жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлады және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген айып тағылды.

Тергеу материалдарына сүйенсек, сотталушылар 221 млн теңге жымқырған.

20 маусым 2023, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.