Атырау, 25 қараша 16:20
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атауы бар жылу бекеті

1 681 просмотра

13 сәуірде «Жилгородоктағы» №5 жылу бекетіне Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі Л. Лидің (суретте) аты берілді.

Рәсімге 78 жасар Леонид Николаевичтің өзі қатысты. Ол облыстың қуат жүйесінде 1965 жылдан 2012 жылға дейін қызмет атқарған. 80-жылдары жылу желілері кәсіпорнын басқарды, ал зейнеткерлікке шығар алдында «Атырау жылу желілері» (АЖЖ) АҚ-ның өндірістік-техникалық бөлімінің аға инженері болып жұмыс жасады.

«АЖЖ» АҚ-ның президенті Нұрадин ШАМШАТОВ алға қарай да жылу бекеттеріне ардагерлердің есімі берілетінін айтты. Ал бұл тәжірибе өткен жылы «Атырау-Жарық» АҚ-ның №100 орталық қосалқы станциясына Қаратөре ӘЛІПОВ атын беруден басталған еді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

18 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.