Атырау, 30 қыркүйек 20:31
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Контент жасау мұнай өндіруден маңызды болып барады - Бекмамбетов

716 просмотра

Режиссер Тимур Бекмамбетов Халықаралық волонтерлар форумында жаһандық өзгерістер жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біз қазір әлемдік цифрлық трансформация кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Бұл біздің жұмысымызға, болашақты жоспарлауымызға да қатысты. Бұл трансформацияға жедел бейімделіп жатқан сала - экономика. Көп жыл бойы шығармашылық болып саналған қызмет бүгін басты экономикалық драйверге айналып отыр. Контент жасау мұнай өндіруден маңызды болып барады. Оны қазіргі контент жасайтын компаниялар мен әлеуметтік желілердің қаражатынан байқауға болады. Олар мұнай, металлургия және машина жасау компанияларынан қымбат әрі құзырлы»,- деді Бекмамбетов.

Оның пікірінше, креативті индустрия экономиканың дәстүрлі түріне қарағанда екі есе жылдам дамып жатыр.

«Біз фильм түсіру, контент жасаумен айналысқан маман ретінде кадр тапшылығына тап болып жатырмыз. Себебі экономика біз кадр мен маман әзірлеуден тез дамып жатыр. Белгілі бір кино жасау кезінде әлемде аниматорлар саны аз екенін түсіндік. Сол үшін де маман жасаумен айналысатын әріптестерімізге ұсыныс жасадық», - деді ол.

Бекмамбетов атағандай, шығармашылық адамдар волонтерлықпен айналысып әлемнің бөлшегі бола алатынына сене бермейді.

«Бірақ ауылдан шығып қала мен әлемге шабыт сыйлаған адамдар аз емес. Әлемдік компаниялардв жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар өте көп», - деді ол.

Айта кетейік, халықаралық шараға 34 елден 40-тан аса спикер катысып жатыр. Форум екі күнге созылады.

20 маусым 2023, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.