Атырау, 30 қыркүйек 20:30
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы аясында жолаушылар автобусы сатып алынады

618 просмотра

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы аясында жолаушылар автобусы сатып алынады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүкіл автонесие бағдарламасын жаңарту аясында қарастырып отырған жаңа бағыт ол – авткөлікті кредиттеудің орнына автобустарды кредиттеу. Біз бірнеше өңірге бардық. Талдықорғанда, Оралда болдық. Бүкіл Қазақстан бойынша 10 525 автобус бар. Олардың тозуы 45 пайызды құрайды. Мысалы Қостанайда қоғамдық көліктердің 90 пайызы тозған. Ал Орал мен Талдықорғанда автобустардың 70 пайызының тозығы жеткен», – деді министр Ақордада БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, жеңіл көлік пен қоғамдық автобустарды кредиттеудің тиімділігіне сараптама жүргізілген.

«Мәселен, автобустарға күніне 9 млн 300 мың адам отырады екен. Сондықтан қаражатты автобустар сатып алуға бағыттау жоспарда бар. Автобустар елімізде құрастырылады», - деді Марат Қарабаев.

20 маусым 2023, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.